ІІМ қарбызбен қоса тасымалданған есірткі партиясын тәркіледі
Фото: egemen.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясы “транзитінің” жолын кесті.
Қарбызбен қоса 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталған, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы). Бұл бап бойынша ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.