Ұлттық рухани жаңғыру: Дархан Қыдырәлі жобаны тоқтату туралы айтты
Фото: egemen.kz/
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын тоқтату туралы жақында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына қатысты пікір білдірді.
Қаулыны мемлекеттік аппаратқа өткізудің соңғы мерзімі – 2023 жылдың тамызы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаулы жобасының түсіндірме жазбасында «Ұлттық рухани жаңғыру» іс-шараларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына біріктіруді аяқтап, одан әрі жою туралы жоспар жазылған.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жобаның аясындағы кейбір бағдарламалар басқа бағдарламалармен біріктіріледі.
Еске салайық, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы 2021 жылы Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарған кезде бекітілген.