Журналистер аллеясы ашылды
Елорданың 25 жылдығы қарсаңында Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер аллеясы ашылды.
Аллеяда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне арнайы мүсін орнатылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Салтанатты шарада сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бүгін отандық журналистика үшін тарихи сәт екенін атап өтті.
"Журналистер саябағындағы сәнді стелада Қазақ ұлттық баспасөзінің бағдары болған Ахмет Байтұрсынұлы мен тәуелсіз қазақ басылымдарының баhадүрі Шерағаңның бейнесі қатар орналасуы да ұлылардың ұлы жолының жалғастығын білдірсе керек. Сондықтан елдегі белгілі басылымдар мен ақпарат құралдарының аты қашап жазылған бұл ескерткішті отандық журналистиканың жылнамасы деп бағалауға болады", – деді Дархан Қыдырәлі.