KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Риддер ЖЭО: Ертең екінші қазандық іске қосылады

13.10.2023, 21:15 220

Сенбі күні таңертең Риддер жылу электр орталығындағы №2 қазандық іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін белгілі болды. Осылайша, жұмыс істеп тұрған қазандықтар саны үшеуге дейін жетпек.

Мамандардың айтуынша, қазір осыдан біраз бұрын басталған қазандықты іске қосу-баптау жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ баптау және сынау мәселелері жөніндегі инженері Александр Беликовтың сөзіне сенсек, жылу көзіндегі жөндеу жұмыстары техникалық регламенттерді сақтай отырып, белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.


– Қазіргі уақытта қазандықты ыстық сумен жуудамыз. Екі тәулікке дейін созылатын мұндай жұмыстар қазандық агрегаттарын түрлі қоқыстан барынша тазарту үшін қажет. Бұл – белгіленген жоспардың екінші кезеңі аясындағы іс-шаралар. Будың қысымын 10-12 кгС/см2 шамасында ұстайтын боламыз. Келесі кезекте диірмен желдеткішін тағы бір мәрте айналдырып, тексеріп көреміз. Түтін сорғылары штаттық режимде жұмыс істеуде, мазутқа қатысты да айтар сын-пікір жоқ. Жалпы, барлық жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді, – деп мәлім еткен А.Беликов осылайша жылу электр орталығында бар орташа қысымдағы үш қазандықтың үшеуі де іске қосылатынын жеткізді. Дәл қазір кеншілер шаһарын жылумен қамтамасыз етуге осының өзі де жеткілікті,- дейді маман.  


Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Риддер қаласының басшылығы ЖЭО-ға қосылған жылу желілері жеткізуші құбырдағы қысым 12 кгС/см2-ге дейін жететін қысқы гидравликалық режимге ауыстырылғанын хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта №1 және №3 қазандық агрегаттары жұмыс істеп тұр. Тікелей температура 60℃ шамасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив