KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Казцинк» 50 миллион теңге айыппұл төлейді

19.02.2024, 23:09 95

Үлбіде марганецтің шекті рұқсат етілген концентрациясынан бес есе дерлік асып кеткені анықталды. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ақпараты бойынша, Үлбі өзенін ластағаны үшін «Казцинк» компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша «Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеріс барысында экология  департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті. 

- Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау салдарынан Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Казцинк» ЖШС-не 50 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 

                                                                   

Айжанат Бақытқызы

Суреттер Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің сайтынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу