Халыққа әлеуметтік көмір жеткізу бақылауға алынады – ШҚО
Қазір елімізде көмір сатып алу маусымы басталып кетті. Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмір жеткізу жұмыстарын инспекторлар бақылауға алатын болады.
Бұл туралы өңір басшысы Ермек Көшербаев кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Айта кету керек, қазір көмір бағасы - бір тонна үшін 14 000 теңге. Көмір тұйықтарында отын қоры жеткілікті.
- Бірінші тамыздан бастап өңірлерге инспекторлар жіберіледі. Бірақ біз бұл жұмыстарды ерте, яғни келесі аптадан бастаймыз. Мамандар көмірдің әлеуметтік нысандарға және халыққа жеткізілуін қадағалайтын болады, - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында халықты көмірмен қамтамасыз ету маусым айының ортасында басталып кеткен болатын.
Оқи отырыңыз