KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі

фото: depositphotos.com

26.08.2024, 11:31 117 Айжанат Бақытқызы

Еліміздегі балабақшаларға бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл баланың психологиялық дайындығын айшықтайтын құжат болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Яғни, бұдан бұлай бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Осылайша, бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, балабақшаға барған балалардың дені мектепке дайындықсыз келеді екен. Ал жаңа жүйе бұның алдын алады дейді.

Ол баланың психологиялық дайындығын айшықтайтын құжат болмақ. Сонымен қатар мұғалімдер де алдына келген оқушы туралы ақпарат ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу