Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар жазаланды – Риддер
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Риддерде су айдындарындағы оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ТЖ басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Қалада шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 77 рейд өткізіліп, оған жеке құрамның 203 адамы жұмылдырылған. Оның ішінде өрт сондіру қызметкерлері, полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган және еріктілер бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Тихая өзені (1 ауданның бөгетінен төмен көпір), Үлбі өзені (Үлбі автожол көпірі ауданы; Үлбі теміржол көпірі ауданы), Быструха өзені (Алтай, Филлиповская көшелеріндегі аудан, Гавань ауданы Лесопильная көшесі көпірі, Быструха және Журавлиха өзендерінің түйіскен жері), Шаравка өзені (Тауқұм шаю ауданы) шомылуға тыйым салынған орындар болып табылады.