KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемен әкімі #НарруНаурыз атты челлендж бастады

15.03.2019, 06:23 129

Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар Наурыз мерекесі қарсаңында #НарруНаурыз атты челлендж бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Осыған дейін шаһар басшысының Instagram әлеуметтік желісінде халықпен тікелей байланысқа шығатыны туралы жазған едік. Жақсылық Омар тікелей эфир кезінде қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында челлендж бастауды ұсынды.

 

Қала әкімі инстаграмның тікелей эфирінде көп балалы отбасынан шыққан 16 жасар Әнуар Қадыровтың хатын оқып берді. Жасөспірім Наурыз мейрамының қарсаңында ағалары мен әпкесіне компьютер сыйлауды сұраған екен. Атына заты сай әкім баланың тілегіне бей-жай қарамай, ноутбук сыйлап, #НарруНаурыз челленджін жариялайтынын айтты.

 

– Қаланың барлық кәсіпкерлерін, ізгі жүректі адамдарды челленджге белсенді қатысуға және игі істер жасауға шақырамын. Наурыз – жақсылық пен жасампаздықтың мерекесі, – деп атап өтті Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив