KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, БАДА полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады". Полторанин неге жарысқа шықпады?

28.02.2019, 04:48 180

Кеше Алексей Полторанин өзінің «сүйікті» қашықтығы – 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Қазақстандық шаңғышы алтын медальге басты үміткерлердің бірі болған. Алайда ол жарыс жолына шыққан жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

 – Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, БАДА полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін. Оның дайындығы өте жақсы еді, өкінішті, – дейді бапкер Алексей Наконечный.

 

БАҚ мәліметтері бойынша осы әлем чемпионатында Полторанинді енді көрмеуіміз әбден мүмкін. Бұған дейін Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындағаны туралы ақпарат шыққан көрінеді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынды.

 

Оразай Жеңісұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив