ШҚО-да көлік суға батып кетті: жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Полицейлер Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында болған көлік апатына кінәлі жүргізушіні қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Естеріңізде болса, 6 желтоқсанда сағат 19:44-те Бұқтырманың мұзы ойылып, жеңіл көлік суға батып кеткен еді. Көліктегі бес адамның төртеуі шығып үлгерген, ал 1950 жылы туған кейуана суға батып кетті.
Полицияның мәлімдеуінше, енді көлік жүргізушісі «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмысы дәлелденген жағдайда, үш жылға сотталуы мүмкін.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деді полиция өкілдері.