ШҚО-да 900 гектар жер жайылымға қайтарылды
Фото: top-fon.com
Биыл Шемонаиха ауданында игерілмей жатқан 900 гектар жер жайылымға қайтарылды.
Бұл учаскелер мал ұстайтын тұрғындарға бөлінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық жер қатынастары басқармасы 6 елді мекенге іргелес жатқан жайылым учаскелерін қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санының жеткілікті болуына қарамастан, аграршылар мен халықтың арасында ара-тұра жанжалды жағдайлар орын алатынын түсіну керек, сондықтан қазір жайылымдарды ұтымды пайдалану және мақсатсыз пайдалануға жол бермеу өте маңызды», - деп жазды облыс әкімдігі ресми парақшасына.
Оқи отырыңыз