ШОБ-ты қолдауға 36 млрд теңге бөлінді – ШҚО
Фото: inbusiness.kz
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында биыл Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 36 миллиард теңге бөлінді.
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Осы соманың сегіз миллиарды субсидиялауға, несиелерге кепілдік беруге, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыратын гранттарға бағытталды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған бизнесмендердің 2,5 мың жобасы қаржыландырылды», - деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз