KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі

Фото: Шығыс Ақпарат

20.07.2023, 15:03 237 Оразай Жеңісұлы

Риддер жылу электр орталығының жаңа меншік иесі жылу көзін коммуналдық меншікке береді.

Бұл туралы мәслихат сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Алдымен ол ЖЭО-ның барлық қарыздарын өтейді. Содан кейін  кәсіпорынды коммуналдық меншікке береді», – деді облыс әкімі

Өңір басшысы сондай-ақ жылыту маусымына дайындық, әсіресе әлеуметтік нысандар мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Кейбір аудан әкімдіктерінің «Қаражыра» көмір жеткізушісі алдындағы қарыздары қиындық тудыруда, алайда бұл қарыздар бірнеше ай ішінде төленеді деген келісімге қол жеткізілді», – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу