Алтай ауданының тұрғынынан есірткі заттарын тапты
Тәртіп сақшылары Алтай ауданының тұрғынынан есірткі заттарын тапқан.
Полиция департаментінің мәліменше 40 жастағы ауыл тұрғынынан аула ғимараттарын тінту барысында салмағы 3,5 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сондай-ақ 3 грамм гашиш және 880 грамм кептірілген каннабис өсімдігі табылған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 4-бөлігі - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Оқи отырыңыз