Зайсанда садақ ату орталығы ашылды (видео)

Зайсан қаласында жас кәсіпкер садақ ату орталығын ашып, көнеден келе жатқан көшпенділер өнерін жаңғыртуды қолға алған. Шалқар Айтуғанұлы жаттығу залын жалға алып, жеке қаражатына садақ, жебе сияқты қажетті дүниелерді сатып әкелген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өзі бұл өнерді Абай облысының орталығы Семей қаласында білім алып жүрген кезде үйреніп, спорттың осы түрінен бірталай жетістікке жетіп, арнайы сертификатқа ие болған. Енді садақ атудың қыр-сырын туған жерінде дамытуды мақсат етіпті.
Жалпы, дәстүрлі садақ ату спорты соңғы кездері елімізде қарқынды дамып келеді. Мамандардың айтуынша, садақ атудың пайдасы өте мол. Ол адамға рух беріп, көздің де көру қабілетін жақсартады. Сонымен қатар адамдарды сабырлы болуға, өзін-өзін тәрбиелеуге көмектесіп, адам бойына сенімділік ұялатады.
Қуаныш Рахметоллаұлы