Елімізде қанша адам жұмыссыз жүргенін білесіз бе?
фото: freepik.com
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі орташа жалақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kzсайты.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 350,5 мың теңге болған. Бұл ретте бұл көрсеткіш сол жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 15 мың теңгеге азайған.
Еңбек министрлігі мәліметінше, 9,1 миллион қазақстандық жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,9 миллионы жалдамалы жұмысшылар, 2,2 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
451,6 мың қазақстандық – жұмыссыз. Оның 168,9 мыңы ресми тіркелген.
Оқи отырыңыз