Алдағы күндері ауа-райы қалай құбылады?
Алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
“Қазгидромет” РМК мамандарының мәліметіне сүйенсек, батыс тропосфералық ағындары солтүстік-батысқа және солтүстікке біртіндеп ауысады.
Алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен жылжитын арктикалық фронттардың ықпалымен республиканың көптеген облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін және ауа температурасы 0-ден төмен болады деп болжанып отыр.
Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында күн суытады.
Ал ШҚО-да 10 қазан күні ауа температурасы әлі де болса өзгеріссіз, түнде 0-5 градус, күндіз 15-20 градус жылы.