KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Аягөз қаласына төрт "Youtong" әкелінді

25.05.2018, 09:27 92

Аягөз қаласы тұрғындарының қолданысына ұзақ жолдарға арналған 4 автобус берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Салон іші жайлы, қыста жылы, жазда салқын бұл автобустарға қазіргі күні сұраныс өте жоғары болып отыр. "Youtong" маркалы, соңғы технологиялармен жабдықталған 53 орындық автобус көршілес Қытай елінің Шаңхай қаласында жасақталып шығарылған.


Жалпы, ежелден халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан «Автобусный парк» ЖШС –де бұған дейін 37 автобус бар болатын. Ал оның 12-сі қалаішілік бағытта жүрсе, мектеп пен саяжайға жүретін көліктерді қоспағанда, қалғаны ұзақ жолдарға бағытталған автобустар.


"Youtong" маркалы қытай автобустары енді оңтүстік, шығыс және солтүстік бағыттарға қатынап, жұртқа қызмет етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив