KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Глубокое ауданында тасқынға қарсы күрес шаралары күшейтілді

15.03.2018, 08:25 55

Аудан әкімі Қалихан Байғонысов тасқынның алдын-алу шараларын күшейтіп, қауіпсіздікті арттыру мақсатында жедел кеңес өткізді.



Жер тоңы терең қатып қалғандықтан топан судың жайылу қаупі де зор екені белгілі. Сондықтан қазіргі жағдай ешқандай салғырттықты, босаңсуды көтермейді.


Жергілікті басшылықпен тау-кен кәсіпорындарының,аудан тұрғындарының жұмылуы арқасында  алғашқы су тасқынының беті қайтарылды.Алайда алда күн райы қатты жылынатындықтан, су басу қатері сейілген жоқ. . Сондықтан ең қауіпті  деген учаскелерді бақылауда ұстауға мемлекеттік сала өкілдері бекітілді.Тәуліктік режімде жұмыс тәртібі құрылды.



Аудан әкімінің орынбасары Сергей Кимасовтың айтуынша, төнген қауіптің бетін қайтару мақсатында қолда бар барлық техника жұмылдырылды.  Ауданның ТЖ бөлімі тарапынан тасқынның алдын-алу шараларына 27 миллион теңге қарастырылды. Жанар-жағар май мен бөгет жасайтын материалдар әзірленді.


Аудан әкімі жуық арада күнннің тағы да жылынатындығын,ал бұның жағдайды ушықтыруы мүмкін екендігін айтып, қоластындағыларды сақ болуға шақырды. Қар тез еріп, беткейлі ағындар басталуы мүмкін. Өзен ағыстарында көктемгі мұздың кептелісі болуы да ықтимал.


Осылайша аудандағы 17 ауылдық округ басшылығы өз дайындықтары жайлы есеп берді. Әзірге ең қауіпті аймақ  Красноярск ауылдық округіне тиесілі. Ондағы өзен  арнасынан асып жатыр. Қауіп аймағында ондаған баспана  бар. Аулыдық округ әкімінің айтуынша қанша қам жасалғанмен, кейбір үйлерге су кіріп те үлгерді. О.В. Егоровтың сөзінше, жол бойына дамба жасалуы керек. Ал ол үшін 60 машина шлак қажет. Ауыл аймағында судың ағысын бұру үшін ауыр техника да тапшы.Аудан әкімі қазір қажетті техника сол ауылдық округке жіберілетінін мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив