KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Вьетнамда ел намысын қорғайды

25.12.2017, 03:30 146

Семейлік Жанна Құрманғазыева «Мисс ШҚО – 2017» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Енді бойжеткен Вьетнамда өтетін халықаралық байқауға қатысып, ел намысын қорғамақ.

Байқауға қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түскен. Бизнес стиль және кешкі дефиле сән көрсетілімдері сияқты басқа да кезеңдерден сүрінбей өткен Жанна Құрманғазыева болашақта әнші болуды армандайды.


–Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің «Академиялық ән» факультетінде білім алудамын. Жалпы, мен биыл алғаш рет ұйымдастырылған байқауда топ жарып, шетелде ел намысын қорғап, қазақ қыздарының сұлулығын паш ететініме қуаныштымын, - дейді Жанна Құрманғазыева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив