KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зайсандық әнші ұл ата-анамның жүзін бір көрсем деп армандайды

30.05.2017, 18:00 379



Зайсан қаласындағы 13 жасар Сердар бәрінен бұрын анамның, бауырымның, әкемнің жүзін бір көрсем деп армандайды.

Ол Алматыда өтіп жатқан «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық өнер фестиваліне қатысып жатыр. Фестивалдің облыстық кезеңінде вокал бойынша бірінші орын алған өнерлі ұл республикалық конкурста облыс намысын қорғауда.

Алматыға анасы Айжанмен бірге алғаш рет барған Сердар өздері орналасқан 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйін, ару қаланың әсем көшелерін көріп, манаураған Алатауға көз сала алмаса да айналасындағы ғажайыптардың таусылмас тамашасын, жан-жақтан асыға жеткен ұл-қыздардың шат күлкісін, шексіз көңілімен сезіп, байқап, мәз болып жүрген көрінеді.
Зайсандық әнші ұл ата-анамның жүзін бір көрсем деп армандайды
- Сердар - мама, мен білемін, сіз сондай әдемісіз ғой иә? Бауырым кімге тартқан, маған ба, әкеме ме? деген сияқты сауалдарды қойғанда шіркін-ай, тым болмаса дәрігерлер ұлымның бір көзінен әке-шеше, бауырын, өмірді көретіндей бір саңылау ашып берсе ғой деп өзім де армандаймын. Алматыға Коновалов деген дәрігерге апардық, «көзін көрдіруге болады , бірақ бізде ондай құрал-жабдық жоқ» деді. «Үрімжіге барғанымызда екі-үш ота жасау керек, бір жолғысы 5 млн. теңге тұрады» деді, -дейді анасы Айжан Омарова.

Жақсылықтың сыйы -тек жақсылық қана! Өңірімізде Сердарға көмектесе алатын қайырымды жандар табылып жатса редакцияға хабарласуларына болады.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив