KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
480.11 532.25 5.14

Үздіктер Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылданды

29.04.2014, 18:00 136



Оқушылар шығармашылық сарайында Өскемен қаласының Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы комитетінің қатырына салтанатты қабылдау шарасы өтті. Шара барысында қала мектептерінің 80 оқушысы Жас Ұлан ұйымының қатарына қосылды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Ұйым қатарына қабылданған кіші буын - 6-9 жас аралығындағы оқушылардың кеудесіне «Жас Қыран» төсбелгісі тағылса, аға буын - 10-16 жастағы оқушылар көгілдір түстес галстук тағады.

- Бұл ұйымға барлық балалар қабылдана бермейді, тек үздік оқитын, тәртіпті, болашағынан үміт күттіретін балалар ғана осы ұйым мүшесі атауына ие болуға лайық, - дейді №5 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әйгерім Сұлтанова.

Қала мектептерінің басқа оқушылар аталмыш ұйым қатарына 2-10 мамыр аралығында қабылданады. Шара барысында жасұландықтарға арнап «Жас Ұлан» әні тұңғыш рет шырқалды.

Естеріңізге сала кетсек, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдың 6 шілдесінде құрылған болатын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін"Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін Нұр Отан" ХДП XIII съезінде атап өткен болатын. "Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады. Ұйым қатарына қабылдау жылына үш рет: Тәуелсіздік күні, 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні және «Жас Ұланның» құрылғаны күндері қарсаңында жүргізіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив