KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

Өскеменде өзгеше мерекелік шаралар өтеді

30.11.2012, 18:00 161


Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған Тұңғыш Президент күні Өскеменде 17 мерекелік іс-шара өткізіледі. Аталған шаралар әуелі жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлаудан бөлек, жүзден астам этностар өмір сүріп жатқан мемлекетіміздің береке-бірлігінің одан ары нығая түсуіне бек ықпал етпек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл күні облыс орталығындағы Ахмер гарнизонында еліміздің әскери күштері қатарына алынған жас сарбаздар салтанатты жағдайда ант қабылдайды. Сонымен бірге орта білім ошақтарының үздік оқушылары да «Жас ұлан» және «Жас қыран» атты балалар-жасөспірімдер ұйымдарының сапына қабылданады. Дәл осы кезде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас ғимаратында студент жастар «Елбасы саясаты – жарқын болашақтың кепілі» пікірсайыс турнирін өткізбек.

Өскемендік 60 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі де айтулы мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Ертістің сол жағалауына орналасқан бұл баспаналар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» несиелендіру бағдарламасы арқылы салыныпты.

Қашаннан той-думанның көрігін қыздырған спорттық ойындар қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл күйін шаттандыра түсетіні даусыз. Б.Александров атындағы Спорт сарайында Барнаулдың «Алтай» жасөспірімдер командасымен жергілікті «Торпедо-97» командасының жас хоккейшілері айдында шеберлік байқасады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив