KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Көп балалы аналар «Күміс алқамен» марапатталды

29.11.2013, 18:00 419


Семей қаласында көп балалы аналарға құрмет көрсетілді. Бұл жолы «Күміс алқа» төсбелгілеріне Байғазиева Назигүл, Есімханова Тұрымтай ие болды. Сонымен қатар, Ертіс ауылдық округінде Мужикенова Нұргүл, Потехина Ольга да кеуделеріне «Күміс алқа» тақты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Салтанатты шарада Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ардақты аналарға марапаттарын табыс етіп, зор денсаулық пен бақыт, ұзақ ғұмыр тіледі.

Көп балалы аналар «Күміс алқамен» марапатталдыОл аналарға елдің демографиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғысын айтып, Мемлекет басшысының көп балалы аналарды назарсыз қалдырмайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Марапаттау рәсімінде алтын алқа иегерлері мемлекетке және қала басшылығына көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив