KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Республикалық байқауда үздік шықты

22.09.2013, 18:00 84


Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық байқауда шығысқазақтандық Эльмира Липатова үздік шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, өзге ұлт жастары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеріп, оны оқып-үйренуге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен сайысқа біздің облыстың үмітін арқалап барған «Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы» филиалының қызметкері, іс жүргізуші Эльмира Липатова қатысты. Жай ғана қатысып қайтқан жоқ, Қазақстанның барлық облысынан намыс отын жанып барған 17 үміткердің ең үздігі болып оралды.

Өзін мемлекеттік тілде өлеңмен таныстыру, ұлттық тағамдар әзірлеу, қазақтың мәдениеті мен өнерін паш етіп, мақал-мәтелдер айту, ұлттық аспаптарда ойнау мен би билеп, ән шырқауға және техникалық терминдерді дұрыс қолдану мен орыс тіліндегі мәтінді мемлекеттік тілге сапалы аударуға баса назар аударылған байқауға қатысушылар сонымен қатар, ел алдына міндетті түрде ұлттық киіммен шығуға тиіс болды.

Осындай талаптардан сүрінбей өткен Эльмира қазылардың ұйғарымы бойынша байқауда ең жоғары ұпай жинап, жүз-ден жүйрік шықты. Бірінші орын алған жерлесімізге Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Оқасов арнайы Алғысхат пен бағалы сыйлық табыстады.

–Бұл жетістік мемлекеттік тілге деген зор құрмет пен тілдің одан әрі дамуына соны серпін береді. Эльмира сияқты өзге ұлт өкілінің ортамызда мемлекеттік тілге жанашыр болып жүргенін біз ерекше мақтан етеміз, – дейді Эльмираның әріптесі Ж.Тұрғамбаев.

Эльмира Тайырқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив