KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Семейлік судьялар мемлекеттік тілге мойын бұрды

14.05.2013, 18:00 136


Семей қалалық сотында сот төрағасы К.Амодилова «Іс жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жиын мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылауға бағытталды.

Жиын барысында «Сотта мемлекеттік тілді қолданудың аясы мен барысы туралы» тақырыбында судья К.Ибраева баянадама жасады. Онда келтірілген мәліметтер көпшіліктің көңілінен шықты.

Ал судья Б.Төлеубаева «Мемлекеттік тіл – заң саласында» деген баяндамасы арқылы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Жиында іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі де қаралды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив