KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Дарья тіл сайысында дара шықты

2.09.2013, 18:00 147


Облыстық төтенше жағдайлар департа-ментінде өзге ұлт өкілдері арасындағы дәс-түрге айналған «Мемлекетттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті. Жарыста Өскемен қаласының №1 жасағы, тоғызыншы өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Дарья Метте үздік шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған шара алдағы келе жатқан Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға департаменттің қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Байқау таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрімен байланысты мақал-мәтелдерді білу, қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу, шығармашылық нөмір көрсету сынды бірнеше кезеңдерге бөлінді. Қатысушылар тапсырмаларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарады. Шығармашылық байқауға олар түрлі ұлттық киімдерді киді, ал нөмірлерді орындау аталмыш департаменттің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен болды.

Қазылар алқасы әр қатысушының өнерін талдағаннан кейін, Өскемен қаласының №1 жасағы, тоғызыншы өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Дарья Метте үздік деп танылып, қыркүйек айында Астана қаласындағы республикалық байқауда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Мереке аяқталған соң, қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив