KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шемонайхада бәйшешектер қайта бүр жарды

25.08.2013, 18:00 97


Шемонайха ауданында бәйшешектер қайта гүлдей бастады. Бұған Трошиха өзенінің жағасына демалуға барған Аржевикиндердің отбасы куә болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жанұя мүшелері саңырауқұлақ теруге шыққан кезде жарқабаққа көтерілген Аняның көздері қаулап өскен бәйшешектерді көріп, жайнап кетті. Біздің өңірде сәуір, мамыр айларында ғана гүлдейтін бәйшешектер тағы жайқалып тұр. «Олар сондай көп болды! Мен өз көздеріме сенбедім» дейді Аня.

Мамандар мұндай құбылысты биыл жазда орын алған ауа райына байланысты деп санайды. Нөсерлі жаңбыр мен күн қызуы гүлдердің қайта бүр жарып, гүлдеуіне себепші болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив