KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Оңтүстік Қазақстанда бәйшешектер гүлдеп қойды

12.02.2013, 18:00 55


Оңтүстік Қазақстанда бәйшешектер гүлдеп қойды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz. сілтеме жасап. Гүлдер тау бөктерлерін түгел жауып кеткен, тіпті жол жиектерінде де бүр жарған.

Алғашқы бәйшешектер өңірде ақпан айының басында қылтиып шыға бастаған. Алайда күн райы кенет суытып кеткенде гүлдер қайта жасырынып қалыпты. Енді күн көзі қайта жылынғанда бәйшешектер да қалалықтардың көзайымына айналды.

Биылдан бастап Шымкентте бәйшешектер сатылмайтын болды. Өйткені бұл әсем гүл Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабына сәйкес енді гүлдің жұлынған әрбір талы үшін 850 теңге айыппұл салынады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив