KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да Тұңғыш Президент күнінде сот мамандары ант қабылдады

1.12.2018, 10:27 225

 


Шығыс Қазақстан облыстық сотында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтіп, онда мемлекеттік қызметке кірген бірқатар сот мамандары ант қабылдады, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мерекелік жиында облыстық соттың судьясы, Судьялар одағы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтаса, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі С.Серікбаева «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, Е.Жұмақсанов Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ІХ Спартакиадасының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады. Арнайы дипломдармен МАЭС төрағасы Т.Қасымов, зейнеткерлікке шыққан судья А.Тілеубергенов, облыстық соттың судьясы А.Абжанов, Өскемен қалалық сотының судьясы Б.Уалиев, зейнеткерлікке шыққан судья У.Садықов марапатталды.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалар мен өзгерістерді, еліміздегі маңызды оқиғаларды суреттеген деректі фильм көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив