KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Еуразия-шоу» театры гастрольге шықты

12.02.2013, 18:00 303


Өнердегі атақ-даңқы Қазақстанды қойып, шетелге де таныла бастаған «Еуразия-шоу» театры биылғы концерттік сапарын Абай ауданынан бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Театр өткен жылдың наурыз айында облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен құрылған болатын. Біз содан бері аймақ жұртшылығына «Шығысым – алтын бесігім» атты бағдарлама бойынша концерттер қойып келеміз, – дейді ұжымның директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Ғибрат Азубаев.

Құрамында 40-қа тарта әншісі мен бишісі бар ұжым өткен жылдың мамыр айында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен Семей, Өскемен қалалары және Ұлан ауданының жұртшылығына тартымды концерт тарту етсе, ал күзде Ресейдің Қазан қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысының күндерінде өнер көрсетіп, үлкен абыроймен оралды.

Биылғы өнерпаздар құрамы жастардан құралған екен. Олармен Семей қалалық «Айша Бибі» халықтық фольклор ансамблінің бір топ мүшелері де бірге өнер көрсетті. Республикаға танымал әншілер Берік Омаров, Нұрлан Тутунов, Ернұр Тоқтарғазы және бишілер тобы көрерменнің ерекше сүйіспеншілігіне бөленді.

Концерт соңында аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков өнерпаздарды құттықтап, оларға Мақтау қағазын тапсырды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив