KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда таяу уақытта күн мен жел энергиясы пайдаланылады

7.02.2013, 18:00 49


«Жасыл» энергетикаға ауысатын күн алыс емес. Елімізде балама қуат көздерін дамытуға қажетті құрылғылар шығару
жоспарда бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Отандық инновацияны дамыту мақсатында мемлекеттің грантына және басқа да қолдауға ие болған балама қуат көздеріне қатысты бізде бүгін 17 жоба бар. Бұл жобалар күн және жел энергиясын пайдалануға құрылған, – дейді министр Әсет Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы термоэлементтерді, күннің фотоэлементтерін өндірудің технологиялық бағдарламалары жүзеге асырыла бастайды.

Бұдан бөлек жел стансаларының агрегаттарын шығару мәселесі де күн тәртібіне қойылған. Егер осы жобалар оңды жалғасын тауып жатса, күні ертең елімізде экологиялық һәм экономикалық жағынан тиімді энергия көздерін тұтынатын боламыз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив