KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 4 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Тәрбиеленушілер Сара Назарбаевадан хат алды

19.12.2012, 18:00 101


Көкпекті ауылының Қ.Раев атындағы балалар үйінде "Ризашылық"күні тәрбиеленушілерге «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның атынан сыйлықтар табыс етілді. Ол сыйлықтың ішіндегі ең маңыздысы әр тәрбиеленушіге жолданған арнау хат пен бау-бақша күтуге арналған құрал-саймандар жиынтығы еді.

Акцияға арнайы келген «Майқапшағай» кеден бекетінің, Семейдегі картография және геодезия колледжі мен «Ырғызбай ата» шаруа қожалығының өкілдері, сондай-ақ, жеке кәсіпкер В.Виничук балалар үйінің ұжымына өздерінің сый-сияпаттарын тарту етті.

Балаларға түрлі сыйлықтар ұсынудан аудандық әкімдік те шет қалмай, тұрмыстық техника мен ақшалай көмек көрсетті.

Әр баланың бойына адами қасиеттердің дәнін сепкен "Ризашылық" күні жоғары деңгейде өтіп, нағыз отбасылық мерекеге айналды.

Эльмира Қызаева


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив