KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қытай делегациясы жұмыс сапарымен Аягөзге келді

26.07.2012, 18:00 116


Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агротехниканы жалпыластыру орталығының агрономы Жу Жин Чуан бастаған делегация жұмыс сапарымен Аягөзге келді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Іссапар мақсаты – екі елдің шекаралас жатқан аудандарында егінге зиянды жәндіктермен бірігіп күресу үшін іс-тәжірибе алмасу. Бұл жөнінде 2002 жылы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында шекараға жақын орналасқан жерлердегі алқаптардағы зиянкестермен бірігіп күресу туралы келісім болған.

Шекараға жақын орналасқан елді мекендерді аралап көру мақсатында Аягөзге ат басын бұрған делегацияны аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қуанышев қарсы алып, екі елдің арасында атқарылып жатқан тиімді істерге ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агротехниканы жалпыластыру орталығының агрономы Жу Жин Чуан, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы республикасының мал шаруашылығы министрлігінің зиянды жәндіктермен күресу бас штабының бөлім бастығы Ғұсман Қайролла, агроном Омарбек Нәсіролламен бірге Шығыс Қазақстан облыстық өсімдік қорғау бөлімінің бастығы Берікбол Дюсупов, облыстық болжамдар әдістемелік орталығының бастығы Мәди Бектеміров, Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Қ.Жұмаханов, аудандық болжамдар әдістемелік орталығының бастығы Н.Жұмабеков болды. Екі елдің ауыл шаруашылық мамандары зиянды жәндіктермен бірігіп күресу үшін іс-тәжірибе алмасты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив