KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Мектеп түлектері ауылға қақпа орнатты

5.06.2012, 18:00 96


Абай ауданы бойынша тірек ауылдарын дамыту бағдарламасына енген елді мекендердің бірі – Саржал ауылында бұл күндері көркейту, абаттандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Ауылда «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында мектеп түлектерінің жыл сайын игілікті істер ұйымдастырып, демеушілік жасауы дәстүрге айналған. Таяуда Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептің түлектері (1992 жылы туғандар) ауылдың кіреберісіне құны 1 млн. 200 мың теңге тұратын көркем безендірілген қақпа орнатты.

Мектептің акт залына 100 орындық пен музыкалық орталық сыйлады. Сондай-ақ, сынып кабинеттерін қайта жабдықтау жұмыстары да қолға алынды. Береке мен бірлігі жарасып, татулық пен жомарттық көрсеткен мектеп түлектеріне сары қымызын сапырған саржалдықтар дән риза.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив