KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қатынастарына 20 жыл

21.03.2012, 18:00 127


Осыған орай Анкарада Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.Мерейтойлық басқосуға белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер, өнер және мәдениет өкілдері қатысты. Жиында алғаш боп сөз алған Түркияның 9-шы Президенті Сүлейман Демирел Президент Назарбаев пен Қазақстан халқының 20 жылдық жетістіктерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстан саяси беделі күннен күнге артып келе жатқан әлем сахнасындағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Ал Түркия Парламентінің экс-спикері Көксал Топтан өз сөзінде қазақ елінің асқақтаған абыройын тілге тиек етіп, ЕҚҰЫ мен ИЫҰ-дағы сәтті төрағалығын атап өтті. Түркия Президенті әкімшілігінің жетекшісі Мұстафа Исен де жылы лебіздерімен бөлісті. Әсіресе, екі ел арасындағы даму қарқыны көңіл көншітерлік дейді ол. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев еліміздің 20 жылдағы екі ел арасындағы байланыстың жоғары деңгейде қалыптасқанын атап өтті. Ал жиын соңына таман түрік баурларға «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдар табыс етілді.

http://khabar.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив