KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Ақтөбедегі атышулы қылмыс ашылды

28.02.2012, 18:00 90


Ақтөбенің полция қызметкерлері 2011 жылдың қараша айында қаланың бақ шаруашылығы бірлестіктерінің бірінде 5 адамның өліміне себеп болған қылмысты ашты, деп хабарлады облыстық ІІД-де өткен брифингте.
Сол кезде 34 және 54 жас аралығындағы төрт ер адам мен бір әйелдің мүрделері табылған болатын. Олардың барлығы да Ақтөбенің тұрғындары болып шықты. ҚР ҚК-нің 96 бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы істің айналасында көптеген өсек-аяңдар жүрген болатын, қала тұрғындары оны діни экстермистермен байланыстырып та жатты. Қылмыстық іс облыстық ІІД мен ҚР ІІМ-нің үнемі бақылауында болып, ақыр аяғында ақ-қарасы анықталды.

Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің есімдері анықталып, олардың бірі - Атырау облысындағы Мақат ауданының 26 жасар тұрғыны қолға түсті.

Анықталғанындай, 2011 жылдың 21 қарашасында күдікті азамат, оның досы және жәбірленушілер саяжайда спирттік ішімдіктер ішіп отырған.

Араларында туындаған ұрыс кезінде ер адамдардың біреуі өлген. Содан кейін болған оқиғаны жасырып, куәгерлердің көзін құрту үшін күдікті мен оның сыбайласы ұйықтап қалған басқа бөтелкелестерін тұншықтырып өлтірген.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды, басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау бойынша шаралар қолданылып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив