KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Зайсан ауданының әкімі ауылдық округтерге қайықтар тарту етті

Фото: Зайсан ауданының әкімдігі

11.06.2024, 20:05 158

Бүгін Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы ауылдық округ әкімдеріне сегіз қайық сыйға тартты. Әр қайықтың ішінде 10 пар резеңке етіктері де бар.

Бұл ерекше тарту-таралғы жасауға алматылық компания демеушілік көрсеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан басшысының айтуынша, бұл қайықтар мен резеңке етіктер көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға таптырмайтын өте қажет құралдар екенін атап өтті. 

Сонымен қатар Аэлита Ахметсәлімқызы қарғын судың алдын алуда қолданатын құрал-жабдықтарды ауданға әкелуге көмектескен аудандық мәслихаттың төрағасы Еркебұлан Зағыпаров пен Біржан ауылдық округінің әкімі Дидар Ошақбаевқа ризашылығын білдірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив