KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан 554 учаске анықталды – ШҚО

Фото: depositphotos.com

11.09.2024, 12:01 60 Ержан Әбіш

Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша 149 тексеру жүргізді. 98 тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның ішінде 85 га жер учаскесін өз бетімен иемденудің 1 фактісі бойынша ӘҚБК-нің 136-бабына сәйкес 184,5 мың теңге айыппұл салынды, 0,9 га жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактісі бойынша ӘҚБК-нің 339-бабына сәйкес ескерту берілді.

– 96 тексеріс бойынша 554 ауылшаруашылық жерлерін пайдаланбау фактілері анықталды. Барлық заңбұзушыларға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді, – деді ШҚО жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаев.

Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, өткен жылдары берілген нұсқамалар бойынша жер пайдаланушылар 40554,7 га жерлерді пайдалануға кірісті, 58225,6 га жерлер қайтарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив