Үлбі жағалауы үлгісіндегі демалыс орындары басқа аудан-қалаларда да салынады
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі жаңа Үлбі жағалауы үлгісіндегі демалыс нысандарын аймақтың басқа аудан-қалаларында салу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Өскеменде 1978 жылдан кейін алғаш рет жаңа жағалау салынып отыр. Ескі қалада тұрғындар үшін осындай жаңаша әрі ерекше демалыс орны ашылды. Бұл жерде әр отбасы үшін таңғажайып демалыс болатынына сенімдімін. Мұндай құрылысты Алтай, Зайсан және басқа да аудандарда жасау керек. Бұдан бөлек, аспалы көпір саламыз, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ аймақ басшысы қала жұртымен тілдесу барысында жергілікті тұрғындарды вандализм әрекетін жасамақшы болған азаматтарды міндетті түрде тиісті органдарға хабарлауын сұрады. Камера қоюды, арнайы жазба ілуді тапсырды.
Аймақ басшысы құрылыс барысында ағаштарға тиіспеу қажеттігін ескертті. Бүгінде өңірде көгандандыру барысында салынған көшеттердің небәрі 60-70% ғана жерсінетінін баса айтты.
Оқи отырыңыз
Самар ауданында заңсыз туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлер анықталадыҮлбі жағалауы жарқырай түстіОблыс әкімі Катонқарағайдағы қалпына келтіріліп жатқан нысандарды аралап көрдіҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалдыҮлбі жағалауы бойындағы автожол құрылысы жалғасып жатыр – Өскемен