Жолда қабылдау: 215-тен астам сұрақ пен өтініш қабылданды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-да 14-15 шілде күндері "Жолда қабылдау"акциясы ұйымдастырылған болатын.
Акция барысында облыс бойынша 10-нан астам азаматтарды қабылдау пункті жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары 2 күнде 215-тен астам сұрақ пен өтініш қабылдаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Екі күн бойы әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері азаматтардың көлік құралдарын тіркеу және қайта жабдықтауға, жүргізуші куәліктерін беруге, әкімшілік құқық бұзушылықтарға және оларды төлеу тәсілдеріне, әкімшілік учаскелерде учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты сұрақтар мен өтініштерге жауап берді. Жол жүру ережелері, көші-қон заңнамасы бойынша түсініктемелер берілді", – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, тұрғындар өз сұрақтарын үйден шықпай-ақ қоюға да мүмкіндік алды. Полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірінші басшыларының қатысуымен "Instagram" әлеуметтік желісінде "тікелей эфирлер" өткізіліп, онда сұрақтардың басым көпшілігі Өскемен қаласының жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.
Оқи отырыңыз
«Жолда қабылдау» акциясы аясында 250-ден астам сұрақ пен өтініш қабылданған – ШҚОӨскемен полицейлері Instagram-да тікелей эфирге шығадыӨскемен полицейлері жол бойында тұрып тұрғындардың сауалына жауап бередіСемейліктер полиция басшылығына алдын-ала жазылусыз-ақ жолыға аладыШҚО полициясы ауқымды акция өткізеді