34 мың бала ыстық тамақпен қамтылады – ШҚО
Фото: kt.kz
Шығыс Қазақстан облысында бастауыш сыныпта оқитын 34 мың бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндай шешімді облыстық мәслихат депутаттары өңір басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен сессияда қабылдады. Осы мақсаттарға облыс бюджетінен 1,4 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінеді.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық мәслихат сессиясында өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде айтты.
Сондай-ақ 2025 жылға дейін облыста 18 мектеп бой көтереді.
Өңірде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құрылады.
Оқи отырыңыз