KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

ШҚО-да аз қамтылғандардың үйлеріне 2 400 датчик орнатылды

8.01.2024, 16:24 169

Шығыс Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардың үйлеріне көміртегі тотығы датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.

Еске салайық, өңірде бұл бағыттағы ауқымды жұмыс осыдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт бақылау басқармасының аға инженері Мадина Сейтқамзаның айтуынша, былтыр аймақтағы жеке сектор үйлеріне 2 400-ден астам дәл осындай құрылғы орнатылған. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде облыста барлығы 16 мыңға жуық датчик орнатылса, оның бес мыңнан астамы табиғи газ датчигі болыпты. Датчик орнатылған үйлердің бірталайында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер мен жалғызбасты қариялар тұрып жатыр екен.

Осы ретте, аталмыш құрылғылардың денін жергілікті атқарушы билік органдары мен «Казцинк» компаниясы сатып әперетіні атап өткен жөн.

Жалпы, ТЖД қызметкерлерінің сөзіне сәйкес, рейд жүргізу мен датчиктерді орнату жазатайым оқиғалардың алдын алуға және көміртегі тотығымен улану фактерін еселеп азайтуға көмектеседі.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу