Шемонайхадағы түрмеде неліктен оқ атылды?
шартты сурет
Кешкі сағат сегіз шамасында әлдебіреу түзеу мекемесінің қоршауынан асырып белгісіз бір затты лақтырған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сотталушылардың бірі сол жаққа қарай беттеген. Мұны байқаған бекет сақшысы алдымен қарауыл бастығына хабар береді. Одан кейін дауыстап ескерту жасаған, бірақ сотталушы бұған назар аудармаған. Сондықтан жауынгер қаруын алып аспанға оқ атқан. Осы уақытта әскери жасақ да оқиға орнына жетіп үлгеріп, сырттан келген «сәлемдемені» алмақ болған сотталушыны ұстайды.
«Кейінірек белгісіз біреу лақтырған заттың спирттік ішімдік екені белгілі болды», - деп мәлімдеді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз