KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Семейде аграрлық Аймақтық форумы өтеді

28.06.2012, 18:00 147


29 маусым күні Абай атындағы театрында (баст. 09-30) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің байырғы факультеттерінің бірі аграрлық факультетіне (бұрынғы Семейдің зоовтехникалық-мал дәрігерлік институты) 60 жыл толуына арналған аграрлық сала қызметкерлері мен ғалымдарының Аймақтық форумы өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Форум аясында «Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағында ауыл шаруашылығының дамуына ерекше үлек қосқан мамандар, кәсіпкерлер мен ғалымдар» атты кітаптың тұсаукесері, универистет ғалымдарының ғылыми жетістіктері мен Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі, ғалымдар мен құрметті түлектерді марапаттау және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Шакарім СМУ қызметкері Асқар Құмардың айтуынша, «Ғылыми-білім-өндірістік консорциумды құру туралы» келісімге қол қойылады. Консорциумды құру және оның қызметі шеңберінде өзекті ғылыми бағыттар бойынша біріккен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, Шығыс аймағы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлау, аграрлық сектордың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды кепілдік ететін инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу жолымен индустриалды-инновациялық дамудың әлеуетін АӨК-де ашу үшін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (ректор Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков), «ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бастығы Дүйсембай Мақзұмұлы Селиханов), «Прииртыш бройлерлік құс фабрикасы» ЖШС (директоры Бекенғазы Мәлікұлы Тастекеев), «Камышинское-2» ЖШС (директоры Владимир Иосифович Акулов), «Приречный» Агрофирмасы» ЖШС (директоры Мұхит Тұрысханұлы Тұмабаев), «Е.Зайтенов» шаруа қожалығы (жетекшісі Зайтенов Ерлан Әмірбекұлы), «Лада» шаруа қожалығы (жетекшісі Анатолий Михайлович Романов) келісім тараптары ретінде қатысып отыр.

Аграрлық факультетте атаулы дәрісханалардың ашылу салтанаты өтеді: 1974 жылғы түлек, ғалым-зоотехник, әлем және олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы лекция залы; 1957 жылғы түлек, ғалым-зоотехник, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, институттың ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты Күнсләм Мұсажанов атындағы дәрісхана; 1983 жылғы түлек, зооинженер, қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Досқожанов Әсетхан Серканұлы атындағы дәрісхана.

Форум, мерекелік кеш соңы әр жылдардағы түлектердің университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттермен кездесуіне жалғасады, факультеттің кафедралары мен оқу корпустары, лабораторияларын танысуымен аяқталады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив