KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Парақор дәрігерлер заңмен жазаланады

6.02.2012, 18:00 160


Шығысқазақстандықтар жылдың соңы мен басында дәрі дәрмек алуда қиындықтар туындайтынын жиі айтады. Науқастар әдетте наурыз айында өтетін тендерді күтуге мәжбүр.

Бұл мәселеге өңір басшылығы да назар аударды. Медицина қызметкерлерінің соңғы облыстық кеңесінде өңір басшысы мұндай жағдайда дәрі дәрмектің екі айлық қоры болуы тиіс екендігін, бірақ іс жүзінде ол орындала бермейтіндігін айтты.

Көптеген емдеу мекемелері бұл мәселені өздері шешіп, қиын жағдайдан әупірімдеп шығады. Ал созылмалы ауруы бар науқастар денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе де, дәрі дәрмекті сарыла күтуге мәжбүр.

Оның үстіне Шығыс Қазақстанда дәрігерлер арасында парақорлық фактілерінің орын алғандығы анықталып отыр.

– Науқастардың арқасында пайда көру – ең сорақы іс, – деді өңір басшысы. – Мұндай кешірілмейтін қылмысқа жол бергендер заң алдында ғана емес, Құдай алдында да жазаланады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив