KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Мешіт салғанның жұмақта мекені болады

25.12.2011, 18:00 246


Күмбезі күнге шағылысқан, мұнаралары алыстан мұндалаған тамаша мешіт Ұлан ауданының орталығы Молодежное кентінде бой көтерді. «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында тұрғызылып, қолданысқа беріліп отырған жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге Астанадан арнайы ат терлетіп келген Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев қатысты.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сенімді серіктері болған са-хабалардың бірі риуаят еткен хадисте: «Кім де кім Алла тағала ризашылығы үшін құстың жұ-мыртқа басатын ұясындай мешіт салса да, Алла тағала оған жәннаттан үй береді» деген. Ендеше хақ тағаланың разылығы мен халқының игілігі үшін қалтасынан қаржысын қиып, зәулім мешіт салдырған атымтай азамат, «ҚМ компаниясы» ЖШС-нің директоры Қайрат Мусиннің еңбегі екі дүниеде де елеусіз қалмайтыны белгілі.

Рас, қазіргідей қымбатшылық заманда 200 млн. теңгеден астам қаржы жұмсап ғибадатхана құрылысын жүргізу екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес.

– Тәуелсіздіктің жиырма жылында елімізде көптеген мешіттер бой көтеріп, халықты, соның ішінде жастарды иманды-лыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде. Өздеріңіз білесіздер, біздің облыста «Туған жерге – тағзым» акциясы жүргізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – осы өңірден шыққан қалталы азаматтарды өзінің кіндік қаны тамған жеріне, еліне көмектесуге жұмыл-дыру. Бүгінгі, мына, Молодежное кентінде ашылған мешітті де Ұлан ауданының тумасы Қайрат Мусин аталған акция аясында өзінің ауылдастарына сыйға тартып отыр. Әрине, Қайрат сияқты кәсіпкерлер аз емес арамызда, өкінішке қарай, олардың бәрі осындай шаруаларды атқара бермейді. Сондықтан бұл жасалған игі іс көпшілікке үлгі, тәрбие болады деген ойдамын, – деп сөйлеген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жиналған жұртшылықты қуаныштарымен құттықтады.

Алла елшісі (с.ғ.с) мұсылман қоғамын құруды мешіт құрылысынан бастаған болатын. Осыдан-ақ, мешіттің ислам қоға-мындағы орны бөлек екенін түсінуге болады. Мешіт – құлшылық орны. Сондай-ақ мұсылмандардың рухани орталығы, жамағаттың жан дүниесін нұрға толтыратын, жанына рухани жылу беретін, тұрақтылық пен татулыққа шақыратын құтты мекен.

Компания басшысы Қайрат Мусиннің сө-зіне қарағанда ғимараттың құрылысы бұдан бірнеше жыл бұрын қолға алынып, алайда белгілі себептерге байланысты тоқтап қалған көрінеді. Кейіннен облыс тізгінін ұлтжанды басшы Бердібек САПАРБАЕВ ұстаған кезде қаңтарылып қалған құрылыстың тамырына қайтадан қан жүгірген-ді. Нәтижесінде, мінеки, ерекше үлгідегі даңғарадай ғиба-датхана Молодежноенің қақ ортасынан жарқырап шыға келді. Мешіт қабырғасы сары кірпіштен (хорезмдік) керамикалық тақталарды араластыра отырып қаланған. Жоғарғы жағында араб тілінде қасиетті Құран кәрімнің сүрелері жазылған. Биіктігі 24 метрге жететін төрт мұнарасы темір-бетонмен құрсауланып, сары кірпішпен қапталған. Металдан жасалған күмбезінің сырты мырыш жалатылған түсті металлмен әдіптеліпті. Намазхана бөлмесінің сыйым-дылығы 400 адамға шақталған. Бұдан бөлек басқа да діни рәсімдер орындалатын арнайы бөлмелері бар. Мешітті аралап көрген аймақ басшысы құрылыстың сапалы орындалғанын атап өтті.

Жаңа ғимараттың лентасын Қайрат Мусиннің анасы Мәрзия әжеймен бірге қиған Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев өз кезегінде от пен оқта бірге болған майдандас бауырының еңбегіне риза екендігін жасырмады:

– Ауған жерінде соғысып жүргенде менің сарбазым туған еліне осындай керемет мешіт салып береді деп ойладым ба? Әрине, жоқ. Ол кезде заман басқа еді. Енді, міне, Аллаға шүкір, тәуелсіздігімізді алып, кешегі Қабандай, Райымбек сияқты батыр бабаларымыздың бізге аманат етіп қалдырған ұлан-байтақ жерімізге ие болып отырмыз. Елдің абыройы артып келеді, жетістіктеріміз де жетерлік. Осыларды қорғап, сақтай білейік. Халықтың қамын ойлайтын басшыларымыз, жұртқа қол ұшын беретін Қайрат Маратұлы сияқты қалталы кәсіпкерлеріміз көбейе берсін, – деген тілегін жеткізді ол.

Салтанатты жиында сонымен қатар Өскемендегі Мұхамадиевтар атындағы ме-шіттің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақ-байұлы, ауыл ақсақалы Ескен Бәкімбаев сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ибарагим қажы сонау Араб елінен алып келген Құран кітапты тарту етсе, облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ пен Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев өз қаржысына мешіт салдырған Қайрат Мусинге ақбоз ат мінгізді. Мерекелік шараның соңында аруақтарға арнап ас беріліп, дұға оқылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив